Қоғам

Қазақ тіліндегі ас мәзірін сұраған адамды шығарып жіберген дәмхана қызметкері қамалды

© Photo : РixabayРесторан, архивное фото
Ресторан, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
Дәмхана қызметкері мемлекеттік тілдегі ас мәзірін сұраған адамның телефонын жұлып алып, өзін күштеп шығарып жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Ақтауда дәмхана әкімшісі клиентпен болған жанжалдан кейін 10 күнге қамауға алынды. Бұл туралы қаланың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Жанжал 19 маусымда шамамен кешкі сағат 20.15- те болған.

"Дәмханаға келуші мемлекеттік тілдегі ас мәзірін сұраған. Ал мекеме әкімшісі балағат сөздер айтып, оның ұялы телефонын жұлып алып, дәмханадан күштеп шығарып жіберген", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың қаулысымен дәмхана қызметкері әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 434-бабының бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза кесілді.  

Кодекстің бұл бабы бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қарастырады.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Түркістандық жігітке тұрмысқа шыққан тай қызы сиыр сауып, қазақ тілін үйреніп жүр

 

Жаңалықтар
0