Қоғам

Сарапшы қандай тағам тәуелділік тудыратынын айтты

© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуЖайылған дастарқан
Жайылған дастарқан - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Тәуелділік тудыратын өнімдер арасында тәттілер, сүт және ұн өнімдері бар. Маман адамдарға тәттіге қарағанда наннан бас тарту қиынға соғатынын жеткізді

АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Кей тағам психологиялық қана емес, биохимиялық тәуелділікке әкеледі.

Нутрициолог Дарья Савельеваның айтуынша, көптеген адам қантқа тәуелді, бұл тәттіні көп тұтынуға әкеледі.

"Бұл тәуелділіктен ұзақ уақыт жүріп арылуға болады. Өйткені ми қанттан келетін жеңіл, қарапайым энергияны жақсы көреді. Қантты тек ми ғана емес, оған үйреніп қалған ішек микрофлорасы да қажет етеді. Бұл, әсіресе, адам көп жылдан бері қант тұтынатын болса байқалады", - деді Савельева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Сонымен қатар сүт өнімдері де тәуелділік тудыруы мүмкін. Сарапшының пікірінше, сүт өнімдері құрамындағы лактозаға байланысты белгілі бір мөлшерде ғана тиімді.

"Оның құрамында табиғи опиаттар бар. Жануар баласын тамақтандырған кезде сүт арқылы өте жеңіл есірткі әсері бөлінеді. Казоморфин деп аталатын опиат тыныштандырады", - дейді ол.

Маман көптеген адамның сүт өнімін түнде пайдаланатынын, ұйықтар алдында соның әсері болатынын айтты. Ол ашытылған сүт өнімдерінде көптеген пайдалы зат бар екенін жеткізді. Сондықтан күнделікті мәзірде болуы қажет. Алайда оны мөлшерден көп пайдалануға болмайды.

Ұн өнімдері туралы да дәл осылай айтуға болады. Олардан толық бас тартпау қажет, бірақ мөлшерін де сақтау қажет. Бұл, әсіресе, ашытқы көмегімен дайындалған өнімдерге қатысты.

Ұнға адам тез үйреніп кетеді, оған ашытқы қосқанда "екі есе соққы" болады. Савельева сол себепті адамдарға тәттіге қарағанда наннан бас тарту қиынға соғатынын айтып отыр.

Жаңалықтар
0