Қоғам

Әлімхан Жүнісбек дүниеден өтті

CC0 / christoph_mschrd / Перо, ручка, бумага, письмо, иллюстративное фото
Перо, ручка, бумага, письмо, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Ол қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек қайтыс болды. Қаралы хабарлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова Sputnik Қазақстан тілшісіне растады.

Әлімхан Жүнісбек 1938 жылы қазіргі Түркістан облысында туған.

ҚазМУ-дың филология факультетін 1963 жылы бітірген. 1964 жылдан Қазақстан ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Әлімхан Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым.

Ол түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі, қазақ тіліндегі сингармонизм заңы, қазақ тілінің артикуляциялық базасы құрамындағы артикуляциялық үлгілер, қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі, латын әліпбиіне көшу мәселелері, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысқан.

Ғалым 2007 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Жаңалықтар
0