Қоғам

Вице-премьер вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөнінде тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронный паспорт вакцинации
Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Тоғжанов қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекітуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні инфекциялық төсектердің толымдылығы 55%, реанимациялық төсектердің жүктемесі 47%-ті құрайды. Дегенмен Ералы Тоғжанов бірқатар өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағанын айтты. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:

  • 2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
  • қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту.
Жаңалықтар
0