Қоғам

Құрғақшылықтан қырылған малдың нақты саны жарияланды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуКоровы на ферме, архивное фото
Коровы на ферме, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, құрғақшылықтан еліміздің екі облысы ғана зардап шеккен

НҰР -СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылықтан 1714 бас мал өлді. Мұндай мәліметті орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев жариялады.

Сельское хозяйство - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Қоғам
Батыс аймақтарға шөп жіберген жігіт: "Мал қырылып жатқанда, тыныш жата алмадым"
Оның айтуынша, құрғақшылықтан мал Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ғана өлген.  

"Ресми мәлімет бойынша Маңғыстау облысында 1161 бас мал қырылды, бұл өңірдегі мал басының 0,1%-не тең. Қызылорда облысында 553 бас мал өлді", - деді Қарашөкеев.

Ол бұл деректер өткен жылғы малдың өлім-жітімі көрсеткішінен төмен екенін атап өтті.  

Бұған дейін ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев құрғақшылық пен жем-шөп тапшылығынан шаруалар малдың 30 процентін жоғалтқанын айтқан болатын. Ол сондай-ақ қырылған малдың саны артып, 3 миллионнан астам жануар өлетінін болжады. Ауыл шаруашылығы министрлігі сарапшының пессимистік болжамын жоққа шығарды.  

Жаңалықтар
0