Қоғам

Күн суытады – Қазгидромет үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЛето 2021 в Нур-Султане
Лето 2021 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда 12-14 тамыз аралығында көшпелі бұлт шығады. 12-13 тамызда жаңбыр жауады

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 12-14 тамыз аралығында ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың шығыс бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, жаңбыр жауады.

Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел болып, жаңбыр жауады.

Республиканың батысында температура төмендейді.

Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде, ауа температурасы түнде 5-13°C дейін төмендейді, күндіз 15-23°C болады.

Оңтүстікте түнде 8-18 °C дейін, күндіз 18-34°C градусқа дейін төмендейді.

Батыста түнде ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 17-27°C, күндіз 30-40°C болады.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 12-14 тамыз аралығында көшпелі бұлт шығады. 12-13 тамызда жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +20...+22°C, түнде +11...+14°C аралығында болады.

Алматыда 12 тамызда күн ашық, күндіз +34°C, түнде +20°C жылы болады. 13 тамызда күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +29°C, түнде +20°C. 14 тамызда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +25°C, түнде +19°C жылы болады.

Шымкентте 12-14 аралығында күн ашық болады. 12 тамызда күндіз +35°C, түнде +20°C болады. 13 тамызда күндіз +31°C, түнде 20°C. Ал 14 тамызда күндіз ауа температурасы +29°C төмендейді, түнде +18°C көрсетеді.

Жаңалықтар
0