Қоғам

Қазақстанда табылған сақ алтындары Ұлыбритания музейінде көрсетіледі

© Photo : акимат Восточно-Казахстанской областиЗолотые артефакты, найденные при раскопках кургана "Елеке сазы" в Восточно-Казахстанской области
Золотые артефакты, найденные при раскопках кургана Елеке сазы в Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Шамамен 2 700 жыл бұрын жерленген көне жауынгерлерге тиесілі алтын жәдігерлер Ұлыбритания мұражайында қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы сақ дәуірі кезіне жататын алтын жәдігерлер қыркүйекте Ұлыбританияның Кембридж қаласындағы Фицуильяма музейінде көрсетіледі. "Ұлы дала алтындары" көрмесінде жақында Шығыс Қазақстан облысындағы сақ қабірлерінен табылған 300 алтын артефакт таныстырылады. Бұл туралы өңірлік әкімдік ВВС мен британдық таблоидтарға сілтеме жасап хабарлады.

"Бұл көрме көлемі жағынан Батыс Еуропамен теңдесетін елдің тарихын жақыннан тануға мүмкіндік береді", - деп жазды Times басылымы.

"Ұлы дала алтындары" көрмесі Шығыс Қазақстандағы үш қабір кешенінен табылған материалдарды қамтиды. Ол кембридждік музей "археологиялық сенсация" деп атаған жәдігерді әлем аренасында ұсынады", - деп жазды The Guardian басылымы.

© Photo : акимат Восточно-Казахстанской областиШығыс Қазақстан облысындағы табылған 300 алтын артефакт таныстырылады
Қазақстанда табылған сақ алтындары Ұлыбритания музейінде көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Шығыс Қазақстан облысындағы табылған 300 алтын артефакт таныстырылады

Көрмеде 300-ден астам жәдігер ұсынылады. Олардың кейбірі мыңдаған ұсақ бөлшектен құралған. Берел, Шілікті және Елеке Сазы қабір кешендерінен барлығы 15 мыңнан астам алтын бұйым мен басқа да тарихи құнды жәдігер табылған.

Шамамен 2 700 жыл бұрын жерленген көне жауынгерлерге тиісті алтын артефакттер Ұлыбританияда көрермен назарына ұсынылатыны айтылған. Көрмеге келушілер сәндік алтын бұйымдар мен ат әбзелдерін тамашалай алады. Көрмеде мерген жасөспірімнің қабірін реконструкциялау басты элементке айналады. Зерттеушілер оны инвазивті емес технологиялардың көмегімен зерттейтін болады.

© Photo : из личного архива Ердена ОралбаяЕлеке Сазы кешенінен табылған жәдігерлер
Қазақстанда табылған сақ алтындары Ұлыбритания музейінде көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Елеке Сазы кешенінен табылған жәдігерлер

Шамамен 18 жасында мерт болған сақ жауынгерін кіші туысымен бірге жерлеген. Жартастың опырылуы қабір кешенін тонаушылардан қорғап, оны 2,5 мың жыл бойы бүтіндей қалыпта сақтап келген. Музейдегілер бұл Қазақстанда табылған сақтардың ешкімнің қолы тимеген екінші қабірі екенін айтты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, көрмеде соңғы жылдары Қазақстанда ашылған маңызды археологиялық жаңалықты таныстыру мүмкіндігі туып отыр. Ол Елеке Сазында табылған артефактілердің бүтіндігі ғалымдарға сақтардың діні, тыныс-тіршілігі мен жерлеу рәсімдерінің жаңа қырын тануға көмектесті.

© Photo : из личного архива Ердена ОралбаяСақ алтындары 28 қыркүйекте көпшілік назарына ұсынылады
Қазақстанда табылған сақ алтындары Ұлыбритания музейінде көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Сақ алтындары 28 қыркүйекте көпшілік назарына ұсынылады

"Сақтар өз заманындағы озық технологиялық процестерді қолдану арқылы ерекше зергерлік бұйымдар дайындағаны белгілі болды. Олардың күрделі және айрықша діни, жерлеу және мемориалды ескерткіштер салғанын білдік", - деді Ахметов.

Сақ алтындары 28 қыркүйекте көпшілік назарына ұсынылады.

Жаңалықтар
0