Қоғам

Ауылдың шетіне тоқтаған: Хиджабтағы қызды зорламақ болған ҰҚК қызметкері сотталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуТемір торға қамалған адам, архив сурет
Темір торға қамалған адам, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Былтыр қарашада Айя Өмірзақова есімді бойжеткен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өзін зорламақ болғанын жария етіп, тергеудің созылып кеткеніне шағымданды

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматы облысында бойжеткенді зорламақ болған Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыпталушы Н. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Зорлау) бойынша айыпталды.

Сот мәліметіне сәйкес, Н. 2020 жылдың 12 қыркүйегінде кешкі уақытта үйіңе жеткізіп саламын деген сылтаумен жәбірленушіні көлігіне отырғызған. Ауылдың шетіне тоқтағаннан кейін қызды зорламақ болып қол жұмсаған, өлтіремін деп қорқытқан.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда жарты жыл бойы 13 жасар қызды зорлаған имам сотталды

Алайда жәбірленуші қатты қарсылық танытқандықтан, сол маңнан өтіп бара жатқан автокөліктерден қорыққан ол арам ойын жүзеге асыра алмаған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші прокурор сұраған жаза мерзімімен келісті. Ал екінші тарап Н.-ді ақтауды сұрады.

Сот қандай жаза тағайындады

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Заңға сәйкес, егер қылмысқа оқталу әрекеті болса, жаза мерзімі шектеледі.

Демек жаза мерзімі 9 жылдан аспайды. Осыған байланысты сот Н.-ға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоймады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Былтыр қарашада Айя Өмірзақова есімді бойжеткен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өзін зорламақ болғанын жария етті. Сонымен қатар ол бұл істі тергеу ұзаққа созылып кеткені туралы айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айя Умурзакова (@aiya.umurzakova)

12 қыркүйекке қараған түні ол жұмыстан қайтып келе жатып, жол-жөнекей көлік тоқтатқан. Айтуынша, жүргізуші оған тап беріп, ұрып-соғып, зорламақ болған. Қыз ер адамға қарсылық көрсетіп, зорлық-зомбылықтан әзер құтылғанын айтқан. 

"Қарсылық көрсеттім. Ол мені ұрып-соғып, орамалымды жұлып алды. Өлтіріп, көміп кетемін деп қорқытты", - дейді қыз.

Жаңалықтар
0