Қоғам

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 107 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневБилборд с призывом вакцинироваться
Билборд с призывом вакцинироваться - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Қазір 112 474 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 31 мыңға жуық пациент ауруханаға түскен

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 107 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде Covid-19 инфекциясынан 97 адам, коронавирустық пневмониядан 10 адам қайтыс болды.

Ал бір күнде 7 235 адамнан коронавирус анықталды, 35 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 6 973 адам коронавирус құрбаны болды, қайтыс болған тағы 3 925 адамға пневмония диагнозы қойылған.

Ковид жұқтырғандардың саны біршама азайды: бір тәулікте 7 235 науқас тіркелді

10 тамыздағы мәлімет бойынша 112 474 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 30 972 пациент стационарда, 81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар арасында 1 966 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Тағы 232 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0