Қоғам

Жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтама сатқан 20 медицина қызметкері ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Күдіктілер жалған медициналық құжаттарды теміржол вокзалында, әуежай мен мемлекеттік шекараның өткізу пунктерінде сатқан

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жалған ПТР-анықтама мен вакцина паспорттарын сатты деген күдікпен 20 медицина қызметкері ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полицейлер қолдан жасалған медициналық құжаттарды сатудың бірнеше схемасын анықтаған. Жекелеген туроператорлар жалған вакцина паспортын дайындаумен және сатумен айналысқан. Күдіктілер жалған құжаттарды, тіпті, теміржол вокзалдарында, әуежайлар мен мемлекеттік шекараның өткізу пунктерінде де сатқан.

"28 адамның ПТР-анықтама мен вакцина паспортын қолдан жасағаны әшкере болды. Оның ішінде 20 – медицина қызметкері, 8 – делдал. Сонымен бірге әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтама сатылатыны туралы 70 хабарлама анықталды, оның 37-сі бұғатталды", -деді Ораз брифингте.

Ол аталған санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы құрылғанын атап өтті. Заңды күшіне енген сот актілері де бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты.

Тағы оқыңыз: Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр

Ал 43 қылмыстық іс бойынша тергеу және сарапшылар зерттеуі жүріп жатыр. Олар аяқталысымен процессуалды шешім қабылданады, күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

ІІМ ресми өкілі барлық қылмыстық істі тергеу бақылауда екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0