НҰР -СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар туралы мәлімет жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, бір тәулікте 112 науқас коронавирустан, 28 адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.
COVID -19 індетінен қайтыс болған науқастардың жартысына жуығы үш қалада тіркелді: Нұр-Сұлтанда – 25, Алматыда – 20, Шымкентте – 15.
Барлығы 6 876 адам коронавирустан, 3 915 адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.
9 тамыздағы жағдай бойынша 113 186 адам, оның ішінде 31 504 науқас ауруханада, ал 81 682 науқас амбулаторлық деңгейде коронавирустан емделіп жатыр.
- КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар арасында:
- ауыр жағдайда – 1988 науқас;
- аса ауыр халде – 402 науқас;
192 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Коронавирус матрицасы
9 тамыздағы мәлімет бойынша коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта Түркістан облысы ғана тұр, Қазақстанның қалған барлық өңірі "қызыл" аймақта.