Қоғам

Емші баланы қойдың қиына шомылдырды – оқиға желі қолданушыларын шошытты

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАрхивное фото проведения ритуала
Архивное фото проведения ритуала - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Балалардың құқығын қорғау комитеті тексеру жүргізіп жатыр және ішкі істер министрлігіне ресми шағым жолдауды қарастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Қазақстандықтар сәбиді малдың қиына жуындырған халық емшілерінің әрекетіне наразылық танытып жатыр. Осы әрекет бейнеленген сурет 4 тамызда әлеуметтік желіде таралды. Білім және ғылым министрлігі тексеру жүргізеді.

Алматылық тұрғын Әйгерім Төреқұлова қойдың қиына шомылдырып жатқан баланың суретін Facebook  парақшасында жариялады. 

"Жалған дәрігерлер тыным таппай келеді. 180 мың оқырманы бар әйел баланы қой қиына шомылдырып жатыр. Ультрадыбыстық тексеру кезінде баланың жүрегі тоқтап қалғаны анықталған. Алайда емші жүкті әйелді сәби аман деп сендіруде. Ол шақалақтың басы орналасқан тұсын анықтап, әйелдің ішіне май жағып, кіндігі арқылы жүрек қағысын естіп білдім деп отыр. Адамгершіліктен жұрдай", - деп наразылық танытты алматылық. 

Білім және ғылым министрлігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Балалардың құқығын қорғау комитеті шара қабылдау үшін ішкі істер министрлігіне ресми хат жолдамақ. 

Құзырлы орган өкілдері емшінің әдісімен жалған емдеу балаларға физикалық және психикалық тұрғыдан нұқсан келтіретіні туралы ескертті.

"Баланың денсаулығына, оның физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық таныту ата-ананың міндеті", - деді білім және ғылым министрлігінде. 

Ата-аналар (заңды өкілдері) баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауап беретінін ұмытпауы керек: 

  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау"); 
  • Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік ("Бала өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау").
Жаңалықтар
0