06:09 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Қылмысты құқық қорғау органы қызметкерлерінің жасауы жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Атырауда есірткі сатып алып, заңсыз сақтаған және тасымалдаған екі полицейге қатысты үкім шықты. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әкімшілік полицияның техникалық қадағалау бөлімінің майор және капитан шенді қызметкерлері 14 ақпанда ұсталған болатын. 36 және 38 жастағы тәртіп сақшыларын тінту барысында мотоцикл дөңгелегінің сыртқы резеңкесіне жасырылған марихуана табылды", деп жазды "Ақ Жайық".

Сотта мәлім болғандай, полицейлер күдіктінің ісінен Алматыда бір килограмм марихуананы 160 мың теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар екенін біліп алады. Көлеңкелі нарықта есірткі бұдан бірнеше есе қымбат тұрады. 18 қаңтарда атыраулық полицейлер осы соманы сатушыға терминал арқылы аударған, ал 14 ақпанда Атырау–Доссор тас жолында ұсталды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда кәріз құдығында өлген жасөспірімнің ісі бойынша үкім шықты

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі 4-тармақшасы "Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша жүргізілді.

Бейсенбі Атыраудағы №2 қалалық сот өңірлік полиция департаментінің қызметкерлеріне үкім шығарды. Қос полицей де кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына жеті жылға бас бостандығынан және барлық шенінен айыру жазасы тағайындалды.

Судья сотталушылардың ауыр қылмысты ант қабылдаған және құқық қорғау органдары қызметкерлері бола тұра жасауын жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырды.

 

 

Тақырып бойынша

Қызылордада полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты
Батып бара жатқан: полицейлер жоғалып кеткен ер адамды кездейсоқ тауып алды
Атырауда қоғамға қауіп төндірген екі медбике ұсталды
Балағына жасырған: Атырауда есірткі сатқан өзбекстандық ұсталды – видео
Кілт сөздер:
полиция, қылмыс, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып