20:23 20 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3334 0 0

Алаяқтар әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеу үшін банк шотына 3 120 теңге аударуды сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде алаяқтар 50 мың теңге жәрдемақы рәсімдеуге көмектесетінін айтып, жалған ақпарат таратып жатыр.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін өтініш беруші банк шотына 3 120 теңге аударуы қажет екен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін 3120 теңге төлеу керек екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп келтірді Stopfake.kz ведомствоның ресми жауабын.

Тағы оқыңыз: Туыстар чатынан тарап кеткен хабарлама елді дүрліктірді 

Министрлік Қазақстанда жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде қандай да бір төлем талап етілмейтінін атап өтті.

Кілт сөздер:
жалған ақпарат, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып