Қоғам

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 158 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Қазір 107 мыңнан астам адам ем алып жатыр, 202 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 125 адам, коронавирустық пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ кеше 7 792 адамннан коронавирус анықталды, тағы 379 адам пневмонияға шалдыққан.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Өткен тәулікте 7 792 адамнан коронавирус табылды

Коронавирус жұқтырғандар арасында 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 202 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 610 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, ішінде 6 402 адам қайтыс болды. 62 151 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 3 814 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0