НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 792 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 7 519 науқас тіркелген болатын.
Өткен тәуліктің статистикасы:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1434,
- Алматы қаласы - 1570,
- Шымкент қаласы - 535,
- Ақмола облысы - 259,
- Ақтөбе облысы - 403,
- Алматы облысы - 320,
- Атырау облысы - 397,
- Шығыс Қазақстан облысы - 288,
- Жамбыл облысы - 160,
- Батыс Қазақстан облысы - 185,
- Қарағанды облысы - 931,
- Қостанай облысы - 279,
- Қызылорда облысы - 205,
- Маңғыстау облысы - 225,
- Павлодар облысы - 303,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 151,
- Түркістан облысы - 147.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 610 744.