Қоғам

Токио Олимпиадасы: Санаев финалға шыға алмады

© REUTERS / PIROSCHKA VAN DE WOUWНурислам Санаев на Олимпиаде
Нурислам Санаев на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Белдесудің екінші бөлімінде Санаев қарсыласының аяғынан ұстап, бірнеше рет айналдырып шықты. Есеп 9:1 болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақ балуаны Нұрислам Санаев (57 келі) Токио Олимпидасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равимен белдесті. Жекпе-жектің басында екеуі де сылбыр күресті. Содан төреші үндістандық балуанға ескерту берді. Соның арқасында Санаев бір ұпайға ие болды. Алайда Рави әдіс қолданып, екі ұпаймен алға шықты. Белдесудің екінші бөлімінде Санаев қарсыласының аяғынан ұстап, бірнеше рет айналдырып шықты. Есеп 9:1 болды. Ал қарсыластың кезекті әдісінен кейін жерлесіміз аяғын ауыртып алды. Алайда жекпе-жекті жалғастырып, бірден үндістандық балуанның әдісіне түсіп жеңілді. Енді Санаев қола медаль үшін таласады.  

Айта кетері, Токио Олимпидасында еркін күрес жарыстарында бес қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олар:

  • Нұрислам Санаев (57 келі);
  • Дәулет Ниязбеков (65 келі)
  • Данияр Қайсанов (74 келі);
  • Әлішер Ерғали (97 келі);
  • Юсуп Батырмырзаев (125 келі).
Жаңалықтар
0