19:23 20 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (367)
115 0 0

Қазіргі кезде 9,4 миллион доза пайдаланылған, елге тағы 8 миллионы жеткізіледі, деп хабарлады министр

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда вакциналауға жататын халықтың 40%-ке жуығы екпе алды. Елге тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион доза вакцинаны қосымша жеткізуге келісімшарттар бекітті. Олар кестеге сай жеткізіледі. Осыған байланысты республикада вакцина жеткілікті көлемде", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қазіргі кезде 9,4 миллион доза пайдаланылған. Оның ішінде 1-ші компонент 5 480 094 адамға егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 55,4%-ін құрайды.

Екінші компонентті 3 941 941 адам немесе вакциналануға тиіс тұрғындардың 39,8%-і алды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (367)
Загрузка...

Басты тақырып