Қоғам

Полиция желіде видео жариялап жіберген Түркістан облысы тұрғынын ұстады

© Public DomainТелефон, соцсети, иллюстративное изображение
Телефон, соцсети, иллюстративное изображение - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық ата-аналарды балаларына коронавирусқа қарсы вакциналаудан бас тартқаны үшін жазалайтыны, тіпті ата-ана құқығынан айыратыны айтылған видео тарады

АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде коронавирус инфекциясына қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады. Жарияланған видеода Ордабасы ауданының тұрғыны қыр басында тұрған ұшақтар коронавирусты қоздыратын дәрі шашатынын мәлімдеген. 

Видеода "Бөшкенің ішінен коронавирусты қоздыратын дәрі шашып жатыр деп ойлаймын. Шегірткеге қарсы шашып жатырмыз дейді, шегірткеге дәріні оған қанат бітпей жатып шашады. Ауырып қалмаңыздар, абай болыңыздар" дейді автор.

StopFake сайты бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жалған ақпарат таратқан азаматты ұстады.

Ордабасы ауданының тұрғыны кешірім сұрап, жалған ақпарат таратқанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 247-бабы ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оған 1000 АЕК (2 917 000 теңге) дейін айыппұл, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру немесе түзеу жұмыстарына тарту жазасы қолданылуы мүмкін.

Ал видеодағы ұшақтар Шымкент қаласының тұрғынына тиесілі. Ол Түркістан облысында жалға алған жерін тыңайтпақ болған. Бөшкелерде тыңайтқыш сақталған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық ата-аналарды балаларына коронавирусқа қарсы вакциналаудан бас тартқаны үшін жазалайтыны, тіпті ата-ана құқығынан айыратыны айтылған видео тарады.

 

Жаңалықтар
0