Қоғам

Білім министрлігі оқыту форматы туралы қауесетке түсініктеме берді

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі желіде тараған оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан оқиды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде 1-11сынып оқушылары жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алатыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдепті-міс.

Білім министрлігі мұның жалған ақпарат екенін хабарлады.

"Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері және өңірлердің бас санитар дәрігерлері қабылдайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындық жұмыстарын өткізуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Жаңа оқу жылында мектепте сабақтар қалай өтеді

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындық шараларын бастап кетті. Бүгінде оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, барлық өңірге таратылды.

Жаңалықтар
0