НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады.
Тәулік ішінде 86 адам коронавирустың құрбаны болды, ал ковидтік пневмония 16 адамның өмірін қиды (барлығы – 102 адам).
Ресми дерекке сүйенсек, республикада коронавирустан барлығы 6 043 адам, ал COVID белгілері бар пневмониядан 3 740 адам көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Коронавирустан жазылғандар неге күрт арықтайды
2 тамыздағы жағдай бойынша, 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (–98 951 + және 2 751 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 676 адамның жағдайы ауыр,
- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 196 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.