Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы 104 адам қайтыс болды

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуГоспиталь для лечения больных Covid-19
Госпиталь для лечения больных Covid-19 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2021
Жазылу
Бір тәулікте 7 803 адам коронавирус жұқтырып, 275 адам ковидтік пневмонияға шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 104 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Соңғы деректерге сүйенсек, бір тәулікте коронавирустан 91 адам, ковидтік пневмониядан 13 адам көз жұмды. Өлім-жітімнің дені Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр.

Бұдан бөлек министрлік бір тәулікте 7 803 адам коронавирус жұқтырып, 275 адам ковидтік пневмонияға шалдыққанын жариялады.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

Қазіргі уақытта 98 931 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

Науқастардың ішінде 1 652 адамның жағдайы ауыр, 417 адамның жағдайы өте ауыр, 187-сі  жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0