Қоғам

Тамызда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевЛесопитомник
Лесопитомник - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың тамызында ауа райы қандай болатынын айтты

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Қазгидромет тамыз айындағы ауа райына консультативтік болжам жасады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, тамыздың басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады. Тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +20...+25°С, күндіз +35...+42°С, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15...+22°С, күндіз +30...+37°С болады.

Бірінші онкүндіктің соңына қарай найзағай ойнап, өткінші жаңбыр басталады.

Кейбір өңірде жел күшеюі мүмкін. Сондай-ақ ыстық басылады деп болжанды. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +25...+30°С, солтүстік жартысында +20...+27°С болады.

Айдың екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары түседі. Бұл ауа райының құбылуына әкеледі: жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жел күшейеді.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз +17...+25°С-тан +23...+30°С-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +28...+35°С болады.

Ауа температурасы күндіз +23...+28°С болатын оңтүстік өңірлерде ауа райы жылы болады, солтүстік өңірлерде ауа райы күзгі сипатқа ие болады, күндіз ауа температурасы +17...+22°С-қа жетеді.

Жаңалықтар
0