Қоғам

Жарты жылда 312 адам суға кетті

© Sputnik / Абзал КалиевТонущий человек, иллюстративное фото
Тонущий человек, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ке өсті, соның ішінде бала өлімі 31%-ке артқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері 312 адам суға батып кетті. Оның 200-ден астамы шомылу маусымы кезінде көз жұмды. Бұл туралы ТЖ министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан, қайғылы статистика да орын алып жатыр. Биыл 27 шілдедегі жағдай бойынша 312 адам суға кетті, оның ішінде 109-ы – бала", - деді ол брифингте.

Айтуынша, жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ке өсті, соның ішінде бала өлімі 31%-ке артқан.

Сыздықов шомылу маусымында, яғни 1 маусымнан бастап 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып кеткенін айтты.

Әйелін құтқармақ болған: Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті

Десе де құтқарылған адамдар да жоқ емес. Оның мәлімдеуінше, осы жылы су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. 41 адам рұқсат етілмеген орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

"Бұл жерде атап өтетін бір нәрсе бар. Егер орта есеппен бір отбасында бес адам бар деп алсақ, онда құтқарылған адам саны 214 болса, демек біз орта есеппен 43 жанұяны құтқардық деп айтуға болады", -деді комитет төрағасы.

Жаңалықтар
0