Қоғам

Қазақстанда Linkedin әлеуметтік желісі қайта ашылды

LinkedIn
LinkedIn - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Интернет-ресурстың әкімшілігі Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, сайттан заңсыз контентті алып тастады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұған дейін бұғатталған Linkedin әлеуметтік желісі қайта ашылғанын хабарлады.

Министрлік Linkedin компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген.

"Linkedin әкімшілігі өз сайтында жарияланған материалдарда Қазақстан  заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғаны туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство қазақстандық қолданушылар үшін интернет-ресурсқа қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

Linkedin компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан әрі жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп атап өтті министрліктегілер.

Бұған дейін Қазақстанда іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталғаны хабарланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn желісіне қолжетімділік ресурс тарапынан болған заңбұзушылықтарға байланысты шектелгенін түсіндірді.

Атап айтқанда, әлеуметтік желіде жалған аккаунттар көбейіп, республика аумағында тыйым салынған интернет-казино жарнамаланған.

Жаңалықтар
0