17:36 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
103 0 0

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Қазақстанда ресми жұмыс істейтін еңбек мигранттарының саны 15 мыңнан асады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 1 шілдедегі жағдай бойынша ел аумағында 15 796 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еңбек етіп жүр.

Еңбек мигранттары келген негізгі елдер: Қытай – 3 782 адам, Өзбекстан – 1 953 адам, Түркия – 1 633 адам, Үндістан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, Ұлыбритания – 959 адам. 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Елде жұмыс істеуге тартылған еңбек күшінің негізгі бөлігі мамандар (7 600 адам) және білікті жұмысшылар (410 адам) екені белгілі болды.

"Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру бойынша 1915 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 484 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ін құрайды", - деп нақтылады министрліктегілер.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы бөлінген квота мөлшері - жұмыс күшіне шаққанда 0,31% немесе 29,3 мың адам.

Оқи отырыңыз:Шетелде тұратын қазақстандықтар елді неге тастап кеткенін ашық айтты

 

Тақырып бойынша

Мигранттар неге үндемейді: тәжік жігіті UFC жұлдызына айнала ма – видео
Мигранттар мінген қайық аударылды: кем дегенде 130 адам көз жұмды
Ауғанстандық босқындар Қазақстанға ағыла ма? Одан қауіп бар ма – сарапшы пікірі
Министр Омаров шетелдіктер қанша гектар жерді жалға алып отырғанын айтты  
Кілт сөздер:
мигранттар, еңбек, шетел
Загрузка...

Басты тақырып