07:39 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18622 0 0

Өкінішке қарай адамның жүрегі темірден емес, бірақ дәл солай болғанын қатты қалаймын, деп жазды продюсер

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстандық актриса, продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында кардиология бөліміне түсіп, ем-дом алып жатқанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

"Сіздерге кардиология бөлімінің палатасынан жазып отырмын. Өзім дәрі тамызғышты фотоға түсіріп, пост арқылы біреуге шағымданғанды ұнатпаймын. Дәл қазір жай балконда субұрқаққа қарап отырмын. Релакс та бар. Өйткені біздің дәрігерлер өз жұмысын біледі. Бір-екі рет дәрі екті, таблетка іштім. Осыдан кейін жатып, демалғың келеді екен", - деп жазды Алагөзова.

Ертең оған ултьрадыбыстық зерттеуден өту керек. Одан кейін тағы бірнеше анализ тапсырады. Актриса қазіргі жағдайды тылсым күштердің белгісі деп санайды. Себебі ауруханаға түскен адам жалғыз өзі отырып, көп нәрсені ой-елегінен өткізе алады. Ал күйбең тіршілік кезінде "жұмыс-отбасы" деп шапқылай береді.  

"Сол кезде сан алуан жағдайға тап боласың. Бір жерде компромис болады, енді бір жерде иіліп өтесің. Сынатын кездерің де болады. Өйткені бәріне "жақсы" болуға тырысасың. Бәлкім, жақсы, әдепті, интеллигентті болудың қажеті жоқ. Ондайда адамдар сені әлсіз деп, пайдаланып кетуге тырысады. Жоқ, бұл әлсіздік емес, бұл – күш", - дейді Алагөзова.

Осы орайда продюсер "адам құрметке бөленгісі келсе, алдымен өзі құрметтеуді білуге тиіс" деген ойын да жеткізді. Сол сияқты жақсы көрсін десе, өзі жақсы көруі керек.

"Ал қабылдасын десе, алдымен өзі қабылдауы керек. Басқаша болмайды. Менде дәл осы ресурс таусылып қалған тәрізді. Бірақ Сенім – адамдарға деген Сенім сарқылған жоқ. Ол маған махаббатты да, құрметті де, қабылдауды да сыйлады, өзім болмысымды жоғалтпауға күш береді. Өкінішке қарай адамның жүрегі темірден емес. Бірақ дәл солай болғанын қатты қалаймын. Ашық айтайын, маған оңай емес, кей кезде өте ауыр болады. Бірақ бұл біреудің өмірі, тағдыры ғана. Оның да қауанышы мен мұңы бар. Ғаламшардағы тағы бір құм ұнтағы іспетті. Бірақ ол – менің өмірім, менің тағдырым. Мен оны жақсы көремін", - деп жазды Алагөзова. 

Загрузка...

Басты тақырып