Қоғам

Танымал қазақстандық режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

© Photo : https://www.facebook.com/alua.aaСкончался известный казахстанский режиссер Булат Атабаев
Скончался известный казахстанский режиссер Булат Атабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Ол режиссерлік еткен қойылымдар Ресей, Германия, Грузия, Түрікменстан мен Қазақстанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде жүлдеге ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде - Sputnik. Қазақстандық белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында дүние салды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қош бол, ірі тұлға" деп жеткізді қаралы хабарды ол. Танымал режиссердің қайтпас сапарға аттанғаны туралы хабарды Sputnik Қазақстанға мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Наурыз айында режиссердің туыстары оның Германияның Мюнхен қаласындағы клиникада ауыр жағдайда жатқанын хабарлап, еміне қаржы жинаған болатын. 

Болат Атабаев 1952 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,  "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі, республикалық неміс театрының, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының режжисері болды. Грузия, Италияда тәжірибеден өтіп, Германияда білім алды. 40-тан астам спектакльді сахналап, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды.

Режиссер Сатыбалды Нарымбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті

Болат Атабаев театр өнеріне орасан зор үлес қосқан тұлға. Ол режиссерлік еткен қойылымдар Ресей, Германия, Грузия, Түрікменстан мен Қазақстанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Болат Атабаев оппозициялық қозғалыстың белсенді мүшесі болғанын атап өткен жөн.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театры

 

Жаңалықтар
0