Қоғам

Вакцина салдырған науқастардың саны 6 мыңнан асты

© AFP 2024 / GUILLAUME SOUVANTПроизводство вакцины от коронавируса
Производство вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Айжан Есмағамбетова вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 проценті ғана болатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6 мыңнан асты. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде вакциналаудан кейін ауырып қалғандардың жалпы саны 6 420 адамды құрайды. Олардың ішінде Спутник V-ді 5 511 адам, Hayat Vax-ты 665 адам, QazVac-ты 113 адам және CoronaVac-ты 124 адам салдырған", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысы вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 процентін ғана құрайтынын ерекше атап өтті. Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 5,2 миллион адамға жетті.

"Демек вакцинадан кейін ауырып қалғандардың саны тым аз. Бұл дегеніміз, екпенің тиімділігі бар. Дельта-штаммнан да қорғайды", - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, 23 шілде күні өткен брифингте комитет басшысы вакциналаудан кейін барлығы 4 765 адам ауырып қалғаны жайында айтқан. Олардың көбісі екпенің екінші дозасын алып үлгермеген.

Жаңалықтар
0