Қоғам

Баласының көзінше әйелін өлтірген алматылық 11 жылға сотталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтукісен
кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ашуланған ер адам өзімен бірге алып келген ас үй пышағын әйелге екі рет сұққан

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Алматылық ер адам әйелін өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол әйелін жанжал кезінде өлтірген. Қайғылы жағдай 2020 жылдың соңында болды.

"Сотталған азамат қылмыс жасалған күні әйелімен ұрысып қалады. Содан кейін балабақшадағы кішкентай ұлын көруге барған. "Түркістан" ықшам ауданында орналасқан балабақшаға келгенде тағы да 27 жастағы жарымен кездестіреді. Ол күйеуіне ұлымен кездесуге тыйым салған. Ерлі-зайыпты арасында тағы да жанжал шығып, ашуланған ер адам өзімен бірге алып келген ас үй пышағын әйелге екі рет сұққан", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, әйел оқиға орнында қайтыс болды. Мұның бәрі балабақша тәрбиешілері мен кішкентай баланың көзінше болған.

Айта кетері, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. Содан кейін полиция үш адамды өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеу барысында күдіктінің марқұм әйелмен таныс екені анықталды. 11 шілде түнгі сағат 3-те екеуінің арасында жанжал шыққан, қаланың 36 жастағы тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше рет пышақ сұққан. Сол сәтте балалар шудан оянып кетті. Ер адам оларға да пышақ жарақатын салған. Күдікті Ақсу қаласында изоляторға қамалды.

Жаңалықтар
0