Қоғам

Мұғалімдерді "ханым" және "мырза" деп атау ұсынылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоДень знаний
День знаний  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Мамандардың пікірінше, пандемия мен қашықтан оқу кезінде мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасындағы байланысты жақсарту мәселесі туындады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде — Sputnik. Қазақстандық оқушылар мұғалімдерді есімі және әкесінің атымен атайды.  "Педагог" немесе "ұстаз" сөзін қолданатын мектептер де бар.

Әріптестер арасында педагогтар әйелдерге "ханым" және ерлерге "мырза" сөзін қолдануы немесе тиісті әріптесінің аты мен әкесінің есімін атап сөйлеуі керек.

Білім және ғылым министрлігінде өткен аппараттық жиын кезінде Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті осындай ұсыныс айтты. 

"Қашықтан оқу кезінде ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы коммуникацияда жаңа әдіс қажет екені байқалды. Біз жаңа жүйені енгізу керек деп санаймыз. Сондай-ақ ата-аналар білім беру тек мектептің емес, ата-ананың да жауапкершілігі екенін түсінулері керек", - дейді Ұлттық академия басшысы.

Мысалы, басқа мұғалімдер мен ата-аналар ұстаздарға Айгүл Қапарқызы, Айгүл ханым, Самат Болатұлы, Самат мырза деп айтуы керек. 

Ал оқушылар Айгүл Қапарқызы, ұстаз немесе педагог деп атауға міндетті болады. 

Біраз бұрын Ғани Бейсембаев мамандар елдегі барлық мектептерде қоңырау орнына ұлттық күй ойнатуды ұсынғанын айтты.

Жаңалықтар
0