Қоғам

Тоқаев облыстардың бірінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізді

© Sputnik / Абзал КалиевСамосвал на дороге
Самосвал на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Қосшы ауылы Ақмола облысының Целиноград ауданынан бөлініп, облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын", - деп жазылған жарлықта.

Президент үкіметке осы жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Қосшы астанаға қосыла ма – Көлгінов жауап берді 

Қосшы - Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ауыл, Нұр-Сұлтан шекарасынан 2-3 шақырым жерде орналасқан. Қосшы тұрғындары негізінен елордада жұмыс істейді.   

Жаңалықтар
0