Қоғам

Індетті жұқтырғандар саны азаймай тұр – тағы 6 мыңнан астам науқас анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинВрач в защитном костюме стоит рядом с машиной скорой помощи
Врач в защитном костюме стоит рядом с машиной скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда 1 501, Алматыда 1191, Қарағанды ​​облысында 768 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6 637 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 631 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1501,
  • Алматы қаласы - 1191,
  • Шымкент қаласы - 499,
  • Ақмола облысы - 194,
  • Ақтөбе облысы - 229,
  • Алматы облысы - 230,
  • Атырау облысы - 420,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 134,
  • Жамбыл облысы - 102,
  • Батыс Қазақстан облысы - 271,
  • Қарағанды облысы - 768,
  • Қостанай облысы - 178,
  • Қызылорда облысы - 179,
  • Маңғыстау облысы - 245,
  • Павлодар облысы - 225,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 141,
  • Түркістан облысы - 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 529 269.

Жаңалықтар
0