07:18 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1946410

Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

Загрузка...

Басты тақырып