Қоғам

Алматы облысында судья 9 жылға сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Судья орман шаруашылығының директорынан облыстық судьяларға беремін деп аса ірі мөлшерде пара алған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаровтың айтуынша, судья Сүлейменовке орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан алдау жолымен 12 миллион теңге пара алды деген айып тағылды. Ол ақшаны өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдыру үшін облыстық судьяларға беремін деп алған.

Алайда облыстық сот Юлдашовты соттады.

"2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовты 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - деді Бекайдаров брифингте.

Тағы оқыңыз: Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды

Дәл осы үкіммен Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін 8 жылға сотталды. Ал оның сыбайласы Имиров 7 жылға түрмеге қамалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу былтыр  қыркүйекте басталды. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Жаңалықтар
0