Қоғам

Нұр-Сұлтанда 78 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Қартаң әйел полицейлерге ұлы үйге мас болып келіп, балағат сөздер айтып, жанжал шығарғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Елордада 78 жастағы анасын қорлаған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды.

Каждый нож в цеху бортовогопитания алматинского аэропорта имеет свой личный номер и выдается и сдается сотрудникам под роспись - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Оқиға
Алматы маңында әйел анасын өлтіріп, мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.

Тексеріс кезінде учаскелік полиция инспекторына әйел 56 жастағы ұлының спирттік ішімдік ішіп, үйге мас күйде келіп, оған балағат сөздер айтып, жанжал шығарып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып шағымданды.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлға ретінде бір жыл мерзімге есепте тұрған, деп хабарлады Polisia.kz.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Жаңалықтар
0