06:49 01 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.44
  • EUR504.91
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
158 0 0

Осы жылдың наурыз айынан бері ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетін басқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Баймұқашев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

Баймұқашев Алексей Калайчидидің орнына келді. Ол енді президент әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етпек.

Мұрат Баймұқашев 1967 жылы туған. 

1994 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдады. 1998 жылы ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінде заңгер-құқықтанушы мамандығын меңгерді. 2015 жылы Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1994 жылы Талдықорған қаласы ішкі істер басқармасында мемлекеттік автоинспектор, аға инспектор ретінде бастады. 

1997 - 2006 жылдар аралығында ІІМ жол полициясы департаменті жүйесінде қызмет етті. Министрліктің кадрлық жұмыс департаментін басқарды. Бас прокурордың аға көмекшісі болды (2009 жыл).

2009 - 2019 жылдары премьер-министр кеңсесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.

2019 - 2020 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.

Ол өткен жылдың наурыз айынан бері ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетін басқарған.

"Құрмет" (2013) "Айбын" (2020) ордендерімен марапатталған.

Загрузка...

Басты тақырып