06:35 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3348 0 0

Бағдат Мусин клиенттерге консультация беру кезінде әлеуметтік көмек алатын тұрғындар баспанасы жоқ екендігін ай сайын дәлелдеуге мәжбүр екенін білді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтаудағы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызметкерлермен бірге клиенттерге қызмет көрсетті, сауалдарына жауап берді.  

Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта білім грантына өтінім беру қызметі жоғары сұранысқа ие. Бүгінгі таңда жүйеде 30 мыңнан астам өтінім тіркелген. Министр бұл қызметті проактивті ету қажет деп санайды.

"Жүйе бот сияқты оңай әрі қолайлы болуы керек: ЖОО, мамандық және тағы басқаны таңдауға мүмкіндік болады. Ал құжаттарды өз қолымен тапсырамын деушілер үшін ХҚКО-ның баламасын - ҰБТ тапсырған арнайы залдарды ұсыну керек деген ой келді", - деп жазды Мусин Facebook парақшасында.

Министр бұл идеяны UStady басшылығы қолдағанын атап өтті.

Түлектер ҰБТ тапсырған жерде бірден құжатын да өткізе алады. Биыл осы идеяны пилот ретінде жүзеге асырады, бұл ХҚКО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Мына фотодағы қыз күллі отбасы үшін анықтамалар алуға келіпті. Мен оған телефонына егов мобайл орнатуға көмектестім. Дұрыс толтырылмаған жерлері бар екен, "ҰАТ" АҚ жұмысшыларымен бірге себебін анықтап, жөндеп жібердік. Кейбір процестерді жылдам және оңай шешуге болады, ал кейбіреуіне уақыт керек.

Сонымен қатар Мусин консультация беру кезінде әлеуметтік көмек алатын тұрғындар баспанасы жоқ екендігін ай сайын дәлелдеуге тиіс екенін білген.

"Осы жайлы естігенде расын айтсам, таңғалдым, себебі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарына мәліметтер қолжетімді, сондықтан осындай пандемия кезінде адамдардан анықтама талап ету қаншалықты қисынды?! Неліктен бөлімдер жұртты ХҚКО-ға жұмсап, сергелдеңге салғанын анықтаймыз", - деді ол.

Министр азаматтарға арналған үкімет басшылығына антиковидтік талаптарды қатаң қадағалау керектігін тағы бір рет ескертті.

Загрузка...

Басты тақырып