Қоғам

Вакцина алғандардың саны 5 миллионнан асты

© AFP 2024 / LILLIAN SUWANRUMPHAМедик делает пациенту прививку от коронавируса
Медик делает пациенту прививку от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Вакциналаудан толығымен өткен, яғни, екпенің компонентін салдырған адамдардың саны 3 миллионға жақындады

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғандардың саны 5 миллион адамнан асты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, вакциналаудан толығымен өткен, яғни, екпенің компонентін салдырған адамдардың саны 3 миллионға жақындады.

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

Бүгінде вакциналаудың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында тіркеліп отыр. Ол жерде 415 мың адам екпе салдырды. Одан кейін Түркістан облысы (320 мың адам) және Алматы облысы (291 мың адам) келеді.

Ал Нұр-Сұлтанда вакцинаның екі бірдей дозасын алған адамдардың саны 207 мыңға жетті.

Жаңалықтар
0