Қоғам

Қазақстан мен Ресей ұшуға жарамдылық сертификаттарын тануды жеңілдетуге келісті

© Photo : Пресс-служба АО НК "Казахстан Инжиниринг"Стенды казахстанских компаний в национальном павильоне на МАКС-2021
Стенды казахстанских компаний в национальном павильоне на МАКС-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Құжатқа "МАКС-2021" халықаралық авиациялық-ғарыш салоны аясында қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанның авиация әкімшілігі мен Ресейдің Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану тәртібін жеңілдету туралы жұмыс келісіміне қол қойды, деп хабарлады Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс келісімінің нәтижесінде ұшуға жарамдылық сертификаттарын, типтік сертификаттарды тану тәртібі жеңілдетіледі және авиациялық техниканың бөлшектері мен құрамдас бөлшектерін пайдалануға рұқсат беріледі", - делінген комитеттің хабарламасында.

Жұмыс келісімі азаматтық авиация техникасының типтік конструциясын, түрленімдерін, авиациялық техниканы және оның компоненттерін жөндеуді дамытуды мақұлдау тәсілдерін қолдануға, сондай-ақ ұшуға жарамдылық және ұшу қауіпсіздігі саласындағы екі авиациялық ведомство арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қол қою рәсіміне Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ресей өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Олег Бочаров, Росавиация және Қазақстанның авиация әкімшілігінің басшылары қатысты.

"Тараптар авиациялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, оны одан әрі дамытуға және нығайтуға қызығушылық білдіріп отырғанын растады", - делінген хабарламада.

МАКС-2021 20-25 шілде аралығында Мәскеу түбіндегі Жуковский қаласында өтеді.   

Жаңалықтар
0