10:54 31 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.44
  • EUR504.91
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3269 0 0

Бердібек Сапарбаев 800 мың теңге жалақы алатынын, еш уақытта ешкімнен пара сұрамағанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысының қанша екенін айтты.

Өңір басшысы журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Әңгіме барысында Аралбайұлы әкімнен жалақысының қанша екенін сұрады.

"800 мың", деді Бердібек Сапарбаев.

"Қолға алатыныңыз ба?".

"Иә. Менің еңбек өтілім көп қой", - деп қысқа қайырды облыс басшысы.

Оқи отырыңыз: Мен миллиардер болсам, әкім болмас едім – Сапарбаев 

Сондай-ақ Сапарбаев ешқашан пара алмағанын айтты.

"Мен әр уақытта арым таза екенін айта аламын. Мен еш уақытта пара алған адам емеспін", - деді әкім.

Айта кетсек, Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысын 2020 жылдың ақпанынан бері басқарады.

Кілт сөздер:
жалақы, Бердібек Сапарбаев
Загрузка...

Басты тақырып