07:21 29 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.64
  • EUR501.63
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
250 0 0

Бердібек Сапарбаев экс-министр биыл қуаңшылық болатынын біле тұра, жергілікті әкімдермен жұмыс істемегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың қызметтен кетуін неге қолдайтынын түсіндірді.

Журналист Нартай Аралбайұлы YouTube-каналындағы сұхбатында Сапарбаевтан қуаңшылыққа байланысты қызметінен кеткен бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың отставкасын қолдайсыз ба деп сұрады.

"Қолдаймыз, әрине. Ол ауыл шаруашылық министрі болды, сол салаға жауап беретін. Министр жергілікті әкімдермен жұмысты ұйымдастыруы керек. Оның үстіне биыл қуаңшылық болатыны белгілі еді, болжам болды", - деп жауап берді Бердібек Сапарбаев.

Ол биыл көрші Қырғызстанда да су тапшы екенін атап өтті.

"Біз судың сексен пайызын Қырғызстаннан аламыз. Қырғызстанның өзіне су жетіспей жатыр. Ол жақтан суды Қызылорда, Түркістан облысы алады. Яғни алдын ала белгілі болды. Соған сай жұмыстар жасауы керек еді. Өкінішке қарай осылай болды", - деді облыс әкімі.

Оқи отырыңыз: Министр Сапархан Омаров қызметінен босатылды 

Сондай-ақ Сапарбаевқа "дәл қазір үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма, жоқ па?" деген сауал қойылды.

"Қуаңшылық табиғаттың ісі ғой енді. Бірақ, менің ойымша, бұл жерде ең бірінші жұмыс істейтін –  жергілікті әкімдер. Болжам бар ғой. Мысалы қазір шілде айында бір тамшы жаңбыр жаумайды. Яғни, біз ертең өзімізге керек шөпті қалай жинап аламыз деп ойлануымыз керек. Бізге 1 миллион 700 мың тонна шөп керек. Қазір шаруаларға қандай шөп бар, соның бәрін орып алыңдар деп айтып жатырмыз. Шілде осындай болса, тамыз айы қандай болатынын біз білмейміз. Қанша дегенмен қазақпыз ғой, "ертең егінді жинап алғаннан кейін, қыркүйек-қазанда шөпті жинап аламыз деп" асықпаймыз. Бірақ ауа райы осындай болып тұра берсе, күзде қандай шөп болады?!", - деді өңір басшысы.

Бұған қоса, ол қазір министрлікпен орман қорындағы жерді жайылым, шабындыққа пайдалану бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз комиссия құрдық. Мен оларға әрбір ауыл, үйді-үйді аралап, қанша малы бар, шөп жинады ма, жоқ па, сұрау керек екенін айттым. Шөп жинамаса, ертерек қимылдасын. Әрине, биліктің де кінәсі бар шығар. Бірақ, ең алдымен, жергілікті халық өз мүмкіндіктерін толық пайдалануы керек", - деді Сапарбаев.

10 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатты.

Мемлекет басшысы Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын атап өтті.

"Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тақырып бойынша

Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
ҚТЖ Маңғыстауға шөп жіберіп жатқан еріктілерден ақша сұрап отыр
Үкімет құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарға көмектеседі
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, Бердібек Сапарбаев
Загрузка...

Басты тақырып