05:38 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Құрбан айт 2021 (17)
1393 0 0

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта жүргізілуде  

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айтта онлайн құрбандық шалды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Пандемия жағдайында құрбандық қалай шалынады

Құрбандық шалу рәсімі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, "қызыл" аймақта тек онлайн, ал "сары", "жасыл" аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Онлайн құрбан шалу үшін Qurban2021.kz сайты жұмыс істейді. Бұл портал арқылы құрбан шалуға ниетті азаматтар тапсырыс бере алады.

Құрбан шалдыру үшін әркім өз өңірін таңдап, аты-жөні мен телефон нөмірін жазып, құрбандыққа шалынатын малды таңдауы қажет. Мал бағасы әр өңірде әртүрлі. Төлем тек онлайн қабылданады, ақшаны Kaspi арқылы аударасыз.

© Sputnik
Құрбан айт - 2021: мал бағасы қанша

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрбандық еті толығымен тек мұқтаждарға таратылады. Яғни, құрбан шалған адам етті өзіне ала алмайды.

Мұқтаж жандар етті алуға өтінішті 17 шілдеден бастап береді.

Тапсырыстар мен өтініштер 22 шілде 12.00-ге дейін қабылданады.

Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)

Тақырып бойынша

Назарбаев: Құрбан айт адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейді
Құрбан айтта қай өңірлерде айт намазы мешітте оқылады – видео
"Барша жұртты береке-бірлікке үндейді": Тоқаев Құрбан айт мейрамымен құттықтады
Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр
Кілт сөздер:
құрбандық, құрбан айт, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып