05:39 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Құрбан айт 2021 (17)
57 0 0

Қазіргі таңда Құрбан айт мейрамы жақсылықтың жаршысына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйтқы болып отыр, деді Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

"Құрбан айт – адамдарды бейбітшілік пен бірлікке, мейірімділік пен ізгілікке үндейтін жарқын мереке. Қазақстандықтар үшін бұл мейрамның маңызы ерекше. Ол адамгершілік және рухани құндылықтарды насихаттап, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттыруға септігін тигізеді", - деді Елбасы.

Ол айт күндері әрбір адамның игі істер жасап, рухани тазаруға, құрбан шалып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысатынын атап өтті.

"Қазіргі таңда Құрбан айт мейрамы жақсылықтың жаршысына айналып, елімізде татулық пен келісімді нығайтуға ұйтқы болып отыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін. Осынау қастерлі мерекеде әрбір шаңыраққа шаттық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!", - деп құттықтады Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлық мейрам осымен екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына тұспа-тұс келіп тұр. Былтыр індеттің өршуіне байланысты республика бойынша айт намазы оқылған жоқ, құрбандық тек онлайн тапсырыс арқылы шалынды.

Биыл да елдің басым бөлігінде карантиндік шектеулер сақталып отыр. Құрбандық шалу рәсімі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, "қызыл" аймақта тек онлайн, ал "сары", "жасыл" аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)
Кілт сөздер:
Назарбаев, құрбан айт
Загрузка...

Басты тақырып