Қоғам

"Қазақтелеком" Huawei-дің қолдауымен FWA желісін іске қосты

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание АО "Казахтелеком"
Здание АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
FWA желісін орнату технологиясы ретінде LTE технологиясы таңдалды. Ол 2300 МГЦ диапазонында радио жиіліктерін қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Huawei компаниясы Қазақстанның ірі телекоммуникация операторы – "Қазақтелеком" АҚ-ны 4T4R базалық станцияларымен жабдықтады. Бұл Орталық Азиядағы радиоинтерфейс (FWA) арқылы интернетке сымсыз қосылуға болатын алғашқы желіні іске қосуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Huawei.

Токаев принял председателя правления АО Казахтелеком Куанышбека Есекеева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2020
Қоғам
Тоқаев "Қазақтелекомның" жұмысына оң баға берді
Бұл желі жеке үй шаруашылықтарына кең жолақты интернет қызметін көрсету үшін 2300 МГц ерекшеленген диапазонында жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы FWA желісінің бірі болып отыр.

4T4R станциялары белгіленген абоненттер үшін желінің үлкен ауқымын және болашақта бірнеше негізгі желіні біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

FWA желісін орнату технологиясы ретінде LTE технологиясы таңдалды. Ол 2300 МГЦ диапазонында радио жиіліктерін қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ желі базасында SIM-based қызметін ұсынуға мүмкіндік береді.

"Біз бұл жағдайда ені 20 МГц болатын радио жиіліктердің ерекшеленген диапазонын қолданамыз. Яғни бұл тіркелген сымсыз Интернеттің абоненттеріне ғана арналған толық ерекшеленген FWA желісі. Сонымен қатар біз IP breakout деп аталатын әдісті қолдандық. Біздің жағдайда FWA абоненттері үшін интернет желісіне PGW ерекшеленген қосылу әдісі қолданылады", - деп Huawei компаниясы "Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірмановтың сөзін келтірді.

Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Цюй Фей "Қазақтелеком" жобасы – интернетке сыммен қосу мүмкіндігі жоқ жеке секторды желімен қамтамасыз ету мәселесін шешуі тиіс басқа да операторлар үшін жақсы үлгі болатынын атап өтті.

"Бұл желі шағын модернизациялаудан кейін 5G технологиясына ауысуға дайын болады. Бұл желі сыйымдылығын арттыруға және eMBB қызметін ұсынуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Жаңалықтар
0