06:02 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (308)
54 0 0

Қазақстан президенті отандық фармацевтика кәсіпорындарында "Спутник лайт" препаратын өндіру мәселесін шешуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Спутник лайт" вакцинасын жеткізу және өндіру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы ол елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Келесі мәселе вакцина дайындайтын көшбасшы кәсіпорындар ұсынған препараттар түрін кеңейту қажеттілігіне байланысты. Отандық фармацевтикалық алаңдарда ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын жеткізу және шығару туралы мәселені пысықтау керек", - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, 15 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті "Спутник лайт" вакцинасын тіркеді.

Министрлік аталған препарат алдағы уақытта Қарағандыда шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.

Қазақстандық вакцинаны ДДҰ-да тіркеуді жеделдету керек – мемлекет басшысы

"Біз екі дозадан тұратын "Спутник V" препаратын шығарып отырмыз. Сондықтан техникалық тұрғыда Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник лайт" вакцинасын өндіруге еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Іс жүзінде бұл "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті", - деді біраз бұрын комитет басшысы.

Айжан Есмағамбетова қазір Қазақстан "Спутник лайт" вакцинасын өндіру және оны жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (308)
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып