04:30 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2763 0 0

Президент вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде сараланған әдісті қолдану қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Вакцина салдырудан бас тартатын қазақстандықтарды ешкім мәжбүрлемейді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президент вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде сараланған әдісті қолдану қажет екенін айтты.

"Бұл біртекті топ емес. Вакцинадан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдар арасында екіұдай пікірде жүргендер де бар. Бүкіл тетікпен, соның ішінде әлеуметтік желі арқылы оларды сендіру қажет. Батыстың кейбір дамыған елдерінде сендіруден мәжбүрлеу әдістеріне көшіп жатыр. Біз бұған бармаймыз", - деді Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Десе де, мемлекет басшысы ірі еңбек ұжымдарында міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Өйткені кейбір "қыңыр" антиваксерлердің кесірінен өз отбасыларын асырап отырған азаматтарымыздың денсаулығын қатерге тіге алмаймыз", - деді президент.

Загрузка...

Басты тақырып