Қоғам

"Дикий Арманды" спецназ ұстады": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Жедел іздестіру және рейд шаралары кезінде көңіл көтеру мекемелерінің бірінде алты адам ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы желіде тараған "Дикий Арманды ұстау" видеосына қатысты түсініктеме берді.

Инстаграмдағы "Типичная Астана" паблигінде елордадағы көңіл көтеру мекемесінде бір топ адамның ұсталғаны түсірілген видео тарады.

Автор Нұр-Сұлтан полициясы жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс әлемінің серкелері "Дикий Арман", Алиба "Семский" және олардың достарын ұстағанын жазды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келді. Оны Алиба қарсы алды. Астанадағы қымбат мейрамханадағы отырысты "спецназ" бұзды. Олардың барлығы профилактикалық шара үшін полиция бөліміне жеткізілді", - деп жазылған видео астында.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.

"Жедел іздестіру және рейд шараларын өткізу барысында көңіл көтеру мекемелерінің бірінде алты адам ұсталды. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді ПД баспасөз қызметі.

Полиция көңіл көтеру мекемелерінде қылмыстың алдын алу үшін жедел алдын алу және рейдтік шараларды үнемі жүргізіп тұрады, деді департаменттегілер.

Жаңалықтар
0