05:14 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Дәрігерлер арандатушылыққа толы мұндай әрекеттер вакциналау бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жоққа шығарады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Өзбекстан азаматы вакциналаудан кейін шу шығарып, өтірік талып қалған. Куәгерлер оның жай-күйі жазылған видеоны желіде бөлісті. Вакциналау жүргізген медицина мамандарының айтуынша, ер адам дәрігерлермен сөзге келіп қалғаны үшін арандатушылық видео түсіремін деп алдын ала ескерткен.

Қызметкерлері "Дина" базарында Өзбекстан азаматына вакцина салған №3 емхана әкімшілігі балағаттау мен жала жабу бойынша ер адамды сотқа бермекші.

"Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-тармағына сәйкес балағаттау фактісі бойынша, әкімшілік кодекске сәйкес жала жабу және жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғау үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұл азамат вакциналау процесіне кедергі келтіруге бағытталған әрекет жасады деп санаймыз. Оның үстіне бұл қасақана жасалды", - деп №3 емхана адвокаты Гүлсім Сабырованың сөзін келтірді "Ақ Жайық" өңірлік басылымы.

"Дина" базарындағы вакциналау пунктінде жұмыс істеген №3 емханадағы жалпы тәжірибе дәрігері Айгүл Үсембаеваның айтуынша, ер адам екпе орнына ағасымен бірге келген. Медицина мамандары ағасының фамилиясын мәліметтер базасынан таппаған. Оның айтуынша, кейде мұндай ақау болып тұрады. Ер адам наразылық танытып, медицина мамандарына тіл тигізіп, оларды біліктілігі жоқ деп айыптаған.

Алайда ол вакцинаның тиісті екінші компонентін салғызып, одан кейін дәрігерлер бақылауында емханада қажетті уақыт күтіп отырған. Одан кейін ол емханадан кетіп қалып, өзі жұмыс істейтін бутик иесімен бірге қайта оралған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандардың баласын алып кетеді деген ақпарат тарады – ресми жауап

"Олар ағасының фамилиясы базада жоқ екеніне ашынып, бірге айқайлай бастады. Сөйтті де, бізге вакциналау үшін ешкім келмейтіндей етіп видео түсіруге уәде етіп кетті. Жұмыс күні аяқталар шақта даладағы шуды естіп, көшеге шықсақ, "жедел жәрдем" халі нашарлаған дәл жаңағы ер адамды алып кетіп бара жатқанын көрдік. Мен видеоны көргенімде қатты таңғалдым. Тәжірибеде қандай да бір жанама әсер бірінші компоненттен кейін туындайды. Себебі ол әлдеқайда күшті. Екінші компонентке мұндай реакция тән емес", -  деді дәрігер.

Ер адамды облыстық ауруханаға жеткізгенмен, дәрігерлер тексеру барысында денсаулығынан еш кінәрат таппай, оны үйіне жіберген.

"Видеоны көрген кез келген медицина маманы туындаған бұл ұстаманың өтірік екенін түсінеді. Себебі ұстамаға шалдыққан науқастың жағдайы мүлде басқаша болады. Ер адам кілем үстінде жатыр, басына да кілем қойылған. Құдды бір алдын ала дайындалғандай. Видео бірнеше секундқа ғана созылады. Біз тек ол ер адамды емес, оның "көмекшілерін" де жауапқа тартпақпыз", - деді №3 емхана директоры Айман Өтегенова.

Оның айтуынша, арандатушылар мұндай әрекеттермен вакциналау бойынша бүкіл түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жоққа шығарып отыр.

Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып