05:42 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Құрбан айт 2021 (17)
540 0 0

Биыл барлық өңірдің тұрғындары www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн-режимде құрбандық шала алады

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Құрбан айттың бірінші күні биыл 20 шілдеге түсіп тұр. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 18 және 20 шілдеде демалады (17 және 19 шілде – жұмыс күні). Ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 17, 18 және 20 шілдеде демалады.

Биыл мейрам онлайн форматта өтеді.

Алайда белгілі бір аймақ тұрғындары мейрамды дәстүрлі форматта атап өте алады.

Биыл барлық өңірдің тұрғындары www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн-режимде құрбандық шала алады.

Qurban2021.kz сайты 15 шілдеде іске қосылды. Сайт 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады.

Оқи отырыңыз: Қайтыс болған адам атынан құрбан шалуға бола ма? 

Сайт арқылы республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш білдіре алады.

Ал ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын адамдарға құрбан шалуға қатысты ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу қойылмаған.

2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтап, "сары" және "жасыл" аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізу.
  • еліміздің "қызыл" аймақтарында пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында былтырғы тәжірибені қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы "өкілдік" қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асыру.

Сонымен қатар коронавирустың таралуы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарға Ashyq қосымшасы енгізіледі.

Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)
Кілт сөздер:
демалыс күндері, құрбан айт
Загрузка...

Басты тақырып